Волонтерлар сөйлейді

Волонтерлар сөйлейді

Мен Бекбергенов Медет-  ҚазҰУ-нің «Философия және саясаттану» факультеті, «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының магистранты әлемді жайлаған «COVID-19» коронавирус пандемиясының елімізде таралуына байланысты карантинге жабылған халық оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға волонтер ретінде қызмет көрсетіп жатырмын. 1-айдан асқан карантин уақыты кезінде әлеуметтанушы-волонтер ретінде, Елбасымыз Н.Назарбаев бастап, қолдаған республикалық  «Біз біргеміз» акциясы барысында қарапайым халыққа қолдан келгенше көмек көрсетіп, көмекке зәру отбасыларға қорғаныс заттары мен азық-түлікті тегін жеткізіп берудемін. Бұдан бөлек жалғызбасты жасы 80-нен асқан қарттардың үйіне күнделікті ыстық тамақ алып тараттық.

Волонтерлық қызмет барысында оқу  ордамның маған берген білімі арқасында халықтың әр-түрлі әлеуметтік топтарымен тіл табыса білдім. Пандемияға қарамастан бізге үздіксіз білім беріп отырған альма-матер ҚазҰУ және кафедра оқытушыларына ерекше алғысымды білдіремін! Атап өтсем: Гулмира Сериковна, Дана Камаловна, Сабира Серикжановна және Гулнара Аллевна.

Пандемиямен күреске өз үлесімді қосу – Отан алдындағы парызым деп білемін!

ул. АбылайХана 79,
Г. Алматы, 050000